Мектеп оқушыларына арналған FIRST халықаралық робототехника бағдарламалары. 2026–2027 маусымына тіркелу ашық.
Тіркелу
Маусым тақырыбы – биоалуантүрлілік. Маусым ойындары: BIOGLOW (FIRST LEGO League), BIOBUZZ (FIRST Tech Challenge), BIOCORE (FIRST Robotics Competition).


FIRST тәлімгерлердің жетекшілігімен өтетін қызықты бағдарламалар арқылы жастарды ғылым мен технология саласында көшбасшы әрі жаңашыл болуға шабыттандырады. Қазақстанда бұл бағдарламаларды «USTEM Foundation» қоғамдық қоры жүзеге асырады.
USTEM FoundationFIRST жастарға сыни ойлауды, ынтымақтастықты және көшбасшылық дағдыларды дамытуға көмектеседі. FIRST бағдарламаларына қатысу мектептегі үлгерімді жақсартып, STEM бағыттарына қызығушылықты арттырады. Түлектер көбіне білімін жалғастырып, осы салаларда табысты мансап құрады.
FIRST бағдарламаларының пайдасы туралы ресми деректер (ағылш.)Түлектеріміз ғылым, технология және инженерия саласындағы жолын жалғастыруда. Олардың тарихы – біздің де жетістігіміз.
Біздің негізгі құндылықтарымыз игі кәсіпқойлық пен ынтымақтастық қағидаттарына негізделген.
Жасы мен қызығушылығына қарай оқушылар әртүрлі бағдарламаларға қатыса алады.
Маусымның ресми ережесі: санаттар, жас шектеулері, команда құрамы және тіркелу тәртібі.
Кезеңдер: жаттығу кезеңі (Scrimmage), аймақтық (Regional), өңірлік (Qualifier) және ұлттық (Орталық Азия). Ұлттық кезең жеңімпаздары Хьюстондағы әлемдік финалға квота алады: әр санаттағы квота саны 2027 жылдың басында жарияланады (FTC бойынша – 2026 жылғы желтоқсанда). FIRST Robotics Competition: Алматыдағы кик-офф – Хьюстондағы финал (28.04–01.05.2027).
Тіркелу – төмендегі «Іс-шаралар» бөліміндеКартада – маусымның барлық іс-шаралары аймақтар бойынша. Аймақты басыңыз: оның іс-шаралары кезеңімен, санаттарымен және тіркелу сілтемесімен ашылады.
Скримидждерге және ресми жарыстарға (Regional, Qualifier, ұлттық кезең) тіркелу – uSTEM Connect платформасы арқылы.
Әрбір үлес, сомасына қарамастан, Қазақстандағы FIRST турнирлерін сапалы ұйымдастыруға жұмсалады: алаңдар мен жабдық, төрешілік, барлық өңірлердегі командалардың қатысуы. Kaspi QR-ды сканерлеңіз – аударым анонимді.